"Тұрақты даму мақсаттары 4". Ә.Қастеев атындағы мемлекеттік Өнер мұражайына сапар!

6 қазан, 2023

Ақпараттық технологиялар факультеті, Ақпарттық жүйелер кафедрасы 05.10.2023 күні Ә.Қастеев атындағы мемлекеттік Өнер мұражайына барып қайтты. Бұл студенттер үшін ерекше танымдық сапар болды. 

Мемлекеттік  Ә.Қастеев атындағы өнер мұражайы құрылғаннан бері - еліміздегі өнер саласындағы белгілі ғылыми-зерттеу мен мәдени-ағарту орталығы болып саналады. Мұражайдағы бай және алуан түрлі жинақтар Қазақстан, Еуропа, Ресей, Шығыс және басқа да елдерінің көркемөнер мәдениеті туралы айқын түсінік бере отырып, бұрынғы және қазіргі кездегі шеберлер шығармашылығымен таныстыра алады.

Бүгінгі таңда мұражай қорында 22 000-нан аса экспонаттар жинақталған. Әлемдік және ұлттық мәдени құндылықтарымыз мұражайдың 14 залына іріктелініп қойылған.

Халқымыздың ұлттық мұрасы болып табылатын сәндік-қолтанбалы өнері қазақ халқының ғасырлар бойы жинақталып ұрпақтан-ұрпаққа беріліп келе жатқан ұлттық дәстүрлі қолөнерімен, даму сатысымен таныстырады. Бұл қойылымда көшпелілер мәдениетін барынша сипаттап көрсететін қолөнер кәсібінің көптеген түрлері: кестелеу, тоқыма бұйымдары, ағаштан және сүйектен өңдеп жасаған заттар, түскиіздің түрлері, аттың ер-тұрмандары, зергерлік бұйымдары ерекше көзге түседі.

Осының барлығын көру студенттерге тарихын тануға үлкен құлшыныс беретініне сенімдіміз.