- Басты бет
- Жаңалықтар
- әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де "Фармацевтикалық өндіріс технологиясы" мамандығының студенттеріне арналған "Жалпы химиялық технология" пәні бойынша сабақтарда тұрақты даму мақсаттарын (ТДМ) жүзеге асыру
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де "Фармацевтикалық өндіріс технологиясы" мамандығының студенттеріне арналған "Жалпы химиялық технология" пәні бойынша сабақтарда тұрақты даму мақсаттарын (ТДМ) жүзеге асыру
Республикамызда жүзеге асырылып жатқан Тұрақты даму мақсаттары (ТДМ) бағдарламасы аясында «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» мамандығының 3 курс студенттеріне «Жалпы химиялық технология» пәні бойынша келесі тақырыптарда дәріс өткізілді: «Химия өнеркәсібіндегі судың рөлі. Суды өнеркәсіптік дайындау. Суды тазарту әдістері. Таза су және санитария» (ТДМ – 6)» және «Химия өнеркәсібіндегі энергетикалық мәселелер, оларды шешу жолдары. Қолжетімді және таза энергия (ТДМ – 7). Сабақтың мақсаты: студенттерге өнеркәсіптік су- және энергияны тұтыну технологиясы саласындағы мәселелер туралы түсінік беру және оларды қазіргі жағдайда шешу жолдарын анықтау. Ресурстарды үнемдеуге және су мен энергияны ұтымды тұтынуға, қайта өңдеуге қайталама су-энергетикалық ресурстарды тартуға баса назар аударылды. Студенттер белгіленген ТДМ-да қойылған міндеттерді талқылауға белсене қатысты және химиялық технология саласындағы білімге сүйене отырып, оларды шешу бойынша өз көзқарастарын ұсынды. Дәрісті Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың физикалық химия, катализ және мұнай химиясы кафедрасының доценті Ташмұхамбетова Ж.Х. өткізді.