2023 жылдың 5-ші қыркүйегінде Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ға Неаполь Л’Ориенталь университетінің ректоры Роберто Тоттоли бастаған делегация арнайы іссапармен келді

9 қазан, 2023

Университеттің бас музейінде Италиядан келген делегация ҚазҰУ-дың тарихы, ғылыми-білім беру қызметі және ЖОО-ның халықаралық ынтымақтастық бағыттарымен танысты.

 Неаполь Л’Ориенталь университетінің ректоры Роберто Тоттоли ҚазҰУ басшылығының қабылдауына, оның ішінде музей экспозицияларының өте талғаммен жасалғанына, университеттің даму жолынан толық мәлімет алғанына алғысын білдірді