Ақпараттық технологиялар факультетінің студенттері Ғ.Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер театрына “Қара шекпен” қойылымына барып қайтты.
“Қара шекпен” қойылымы бір көргенде, жануарлардың бір-бірімен сөйлесіп жатқан жеңіл қойылым сияқты көрінуі мүмкін. Бірақ қойылым мағынасы одан әлдеқайда терең. Қойылымдағы әр кейіпкердің белгілі бір мақсаты, халыққа жеткізетін ойы бар. Қасқыр, түлкі, қарға секілді кейіпкерлер - өмірдегі арандатушы адамдар секілді. Ал ит - өмір бойы адал қызмет еткенімен, арандатушылардың айласына түсіп, бір сәт жаңылған соң, өмір бойы соның зардабын шеккен құрбан іспеттес. Қойылымдағы осы ойларды жеткізу үшін актёрлар үлкен жұмыс жасағаны көрініп тұр. Екінің бірінің қолынан келмес осы ерен еңбектері үшін әбден алғысқа лайық деп ойлаймыз.
Театр - өзіндік атмосферасы бар бөлек өнер ордасы. Театр - жаңа эмоцияларды, шынайы эффектерді, толассыз толғаныстарды сезінетін орын.
Осындай қойылымдар әрбір студенттің есінде ұзаққа қалатынына сенімдіміз.