ТДМ-3: «Мемлекеттік Орталық музей»

7 қазан, 2023

7-қазан күні География факультетінің студенттері ҚР Мемлекеттік Орталық музейге барды.

Студенттер музей залдарын аралап, экспозициялармен танысты.  «Палеонтология және археология», «Тарихи-этнография», «Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында және диаспоралар мәдениеті», «Тәуелсіз Қазақстан», «Ашық қор», «Антропология» бөлімдерін аралады. Студенттер танымдық-рухани  жағынан көп мәліметтер алды. Бұл шаралар әлі де жалғасады.