Тұрақты даму мақсаты 4. "Аштықты тоқтату". 1 қазан күні АҚЖ-20-01 топ кураторы Ілесова Б.Е. және студенттері, «Ақпараттық жүйелер» кафедрасының жетекші маманы А.С. Бекқожаевамен бірге бір отбасыны қуантты.

1 қазан, 2023

Қайырымдылық – ізгіліктің көрінісі. Ол көмекті қажет етушілерге білдірілетін сүйіспеншілік пен қол ұшын беру болып табылады. Қайырымдылық жасау үшін асып-тасып бай болу керек емес. Ең бастысы мейірімді жүрегің мен таза ниетің болса жеткілікті. Кез келген қиын жағдайда адам баласы әр түрлі бағытта көмек қолын соза алады. Біреулер жаны жабырқау жүргендерді жұбата отырып күлкі сыйласа, екіншілері қиын сәтте қол ұшын беріп, көмек жасайды. Бүгінде сондай игі істер, түрлі акциялар мен жобаларды қолдап, қайырымдылықты өмірлік мақсат еткен жомарт жандардың саны жылдан-жылға артып келеді. Осы орайда 1 қазан күні АҚЖ-20-01 топ кураторы Ілесова Б.Е. және студенттері, «Ақпараттық жүйелер» кафедрасының жетекші маманы А.С. Бекқожаевамен бірге бір отбасыны қуантты. 

Келесі сілтемеге өтіп толық видео көре аласыздар: https://youtube.com/shorts/FeUq7EqDRiM?si=I8iuagUFFv6DFwdp