Тұрақты даму мақсаттары 8. "Лайықты жұмыс және экономикалық өсу". 2023 жылдың 4 қазанында Әл-Фараби ҚазҰУ басшылығы Astana Motors Manufacturing Kazakhstan өкілдерімен кездесу өткізді.

4 қазан, 2023

2023 жылдың 4 қазанында Әл-Фараби ҚазҰУ басшылығы Astana Motors Manufacturing Kazakhstan өкілдерімен кездесу өткізді.
Жиынға Ақпараттық технологиялар факультеті мен Механика-математика факультетінің өкілдері қатысты. Кездесу әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті мен Astana Motors Manufacturing Kazakhstan арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Кездесу барысында Индустрия 4.0 шеңберінде бірлескен білім беру, ғылыми-зерттеу және инновациялық қызмет, автоматтандыру, роботтандыру, цифрландыру және өндірісті, технологиялық бизнес-процестерді коммерцияландыру саласындағы эксперименттік әзірлемелерді жүргізу және енгізу мәселелері талқыланды.

«Astana Motors Manufacturing Kazakhstan» ЖШС – Алматының индустриялық аймағындағы жаңа автомобиль шығаратын зауыт. Компания Astana Motors тобына кіреді және өндіріс көлемі жылына 90 000 автомобильді құрайтын Қазақстан Республикасындағы жеңіл автокөліктерді құрастыратын ең ірі зауыт болады.


Сапар аясында студенттермен кездесу өтті, онда компания өкілдері өндіріс технологиялары мен студенттердің болашағы туралы әңгімеледі.