МӘНЕРЛЕП ОҚУ ЖӘНЕ ШЕШЕНДІК ШЕБЕРЛІК КОНКУРС

5 қазан, 2023

           2023 жыл  5-6 қазанда Ресей Федерациясы Мәскеу қаласында «Мәнерлеп оқу және шешендік шеберлік»  тақырыбында Ресей Халықтар Достығы Университетінде Халықаралық студенттік конкурс өтті. Конкурсқа Қазақстан, Азербайжан, Қырғызстан, Белорусь, Армения, Башқұртсан, Түркмения, Тәжікстан, Ресей, Өзбекстан, сондай-ақ, Ресей Халықтар Достығы Университетінде оқып жатқан түрлі ұлттар өкілі саналатын студенттер қатысты. Ресей Федерациясы Ғылым және Жоғары білім министрлігінің қолдауымен    «2023 жыл - Орыс тілі» жылы аясында ұйымдастырылған бұл конкурстың  мақсаты - орыс тілінде сөйлейтін студенттер арасында мәнерлеп оқу мен шешендік шеберлікті  жетілдіру, дамыту,  түрлі ұлт өкілдерінің басын қосып, достықты нығайту, насихаттау. Екі күнге созылған бұл конкурста 9  мемлекеттерден келген 56 қатысушы «Пушкин»,  «Цветаева», «Айтматов», «Булгаков», «Ахматов», «Янка Купала» топтарына бөлініп,   білімін, ептілігін, шеберлігін, тапқырлығын  сарапқа салды.

      әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінен 6В02305 -қазақ филологиясы мамандығының 4-курс студенті Аспандиярова Гүлім Нұрланқызы және  6В01703-орыс тілі мен әдебиеті» мамандығының 3- курс студенті  Жумасаева Алия Серикқызы қатысты. Студенттерге жетекшілік еткен - ф.ғ.к., А. Байтұрсынұлы атындағы Қазақ тіл білімі кафедрасының қауымдастырылған профессоры Бақытгүл Райханқызы Құлжанова.

       Аспандиярова Гүлім Нұрланқызы «Әдебиет. Міне, менің сүйгенім» номинациясы бойынша жеңімпаз деп танылды.

      Әр қатысушыға университет тарпынан түрлі сыйлықтар табысталды.