ТДМ 15 "Биологиялық алуантүрлілікті қамтамасыз ету" тақырыбына вебинар өткізілді.

5 қазан, 2023

5 қазан 2023 жылы Тұрақты даму орталығының жұртшылық алдына қойған мақсаттарына қол жеткізуді қамтамасыз ету үшін, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің заң факультеті кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының доценті Г.Т. Айгаринова, "Теңіз және энергетикалық құқық" қос дипломды білім беру бағдарламасының 1 курс  магистранты Н.Нагманов және география және табиғатты пайдалану факультетенің "Кадастр" мамандығының студенттерімен бірге, "Биологиялық алуантүрлілікті қамтамасыз ету" тақырыбына вебинар өткізілді. Вебинар әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің биологиялық музейнде  өткізілді. Вебинар баяндамашылары, биологиялық алуантүрліліктің құрамдас бөліктерін сипаттай отырып, Қазақстан Республикасының қызыл кітапқа енгізілген, құрып кету қаупіндегі жануаралар мен өсімдіктер дұниесінің құқықтық мәртебесімен танысты.  

Басқа жаңалықтар