Мемлекеттік қаржы саласындағы басқару. ТДМ 4, 16

10 қазан, 2023

ТДМ 4 және 16-ны іске асыру мақсатында 10.10.2023 жылы з.ғ.к., кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының доценті Жайсанбек Мейірбекұлы Аманжолов «7М04217 Құқықтану» білім беру бағдарламасының магистранттарымен «Мемлекеттік қаржы саласындағы басқару» тақырыбында өткізілген ашық сабақ (өзекті дәріс) шеңберінде жария қаржылар саласындағы сапалы басқаруды ұйымдастыру мәселелері талқыланды. Проблемалық дәріс аясында қарастырылып отырған тақырыптың ең өзекті мәселелері бойынша шешімдер әзірлеу үшін белсенді пікір алмасу өтті. Билік институттарының әлсіздігі мен тиімсіздігі және басқару органдарына қол жетімділіктің шектеулілігі тұрақты даму үшін үлкен қауіп болып қала беретіні белгілі. Осыған байланысты лектор көтерген мәселелер білім алушылардың қызығушылығын тудырды. Сабақ барысында кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының өкілдері қатысты – з.ғ.д., проф. Қуаналиева Г. А. және з.ғ.к., доцент Ашыралиева Б. С.
 

Басқа жаңалықтар