ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЛОГИСТИКАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДАҒЫ ИНВЕСТИЦИЯЛАР

11 қазан, 2023

Инновациядағы   инвестиция- жаңа өнімді құруға немесе бұрыннан бар өнімді жетілдіруге бағытталған жобаларды қаржыландыру. Инновациялық қызметтің нәтижесі тек тауар немесе қызмет қана емес, сонымен қатар жаңа өндірістік әдістер мен технологияларды, заманауи бағдарламалық жасақтаманы, еңбекті ұйымдастырудың, іскерлік қатынастардың жаңа әдістерін әзірлеу болуы мүмкін. Инновациясыз экономикалық өсу мен даму болмайтыны мәлім.

Инновациялық инвестициялық қызмет инвестициялаудың негізгі мақсаттарының бірі-пайда табуды қамтамасыз ете алады. Алайда, пайдадан басқа, инновация бәсекелестік артықшылықтарды, сондай-ақ жаңа технологияларды ұсынады. Инновацияларға инвестиция сала отырып, идеяларды жаңа өнімдер өндірісі түрінде жүзеге асыру арқылы өндіріс пен қызмет көрсетудің қолданыстағы әдістерін жетілдіруге бағытталған ғылыми және шығармашылық қызмет процесі қаржыландырылады.

Жаңа өнімді құру үшін нарықты маркетингтік зерттеу, жобалау және салу, өндірісті іске қосу және қолдау сияқты бірқатар шараларды жүзеге асыру қажет. Мұның бәріне қаражат қажет. Сондықтан инновацияға инвестиция салу бүгінгі күні өте өзекті мәселелердің бірі болып табылады.

Осыған байланысты, логистикалық инфрақұрылымдарды зерттеу, сондай-ақ инновациялық технологияларға инвестициялау магистранттарға тұрақты даму мақсаттары мен міндеттерін орындауға, сапалы білім алуда өз жоспарларын табысты іске асыруға көмектеседі. Яғни, магистрант инвестициялаудың негізгі және жетілдірілген мақсаттарын неғұрлым жақсы түсінсе, соғұрлым ол жаңа технологияларды қолдана отырып, болашақта өз өмірін қалай жақсартуға болатынын түсінеді.​​

Осы орайда, 2023 жылғы 10 қазанда БҰҰ - ның 17 тұрақты мақсатын іске асыру бойынша, сондай-ақ "Логистика күні" (12 қазан) мерекесіне орай "Бизнес технологиялар" кафедрасында кафедра меңгерушінің басшылығымен З.Б. Ахметова және доценттер М. У. Бейсенова, К. М. Камали "Логистика" мамандығының 1 курс магистранттарымен "Логистикалық инновациялық технологияларға инвестициялар" тақырыбында семинар-пікірталас өткізді, онда магистранттар өздері қойған тақырып бойынша белсенді пікірталас жүргізді.