Жоғары оқу орынындағы білім, ғылым және өндіріс арасындағы байланыс

28 қыркүйек, 2023

Ағымдағы оқу жылында "Лукойл Лубрикантс Орталық Азия" компаниясының өкілі Сергей Сергеевич Барбашов әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің химия және химиялық технология факультетінің Физикалық химия, катализ және мұнай химиясы кафедрасында болып, кафедра меңгерушісі х. ғ. д., проф. Е. А. Аубакировпен кездесті. ҚР және ТМД жоғары оқу орындарының талантты және перспективалы студенттері арасында түрлі ғылыми тағылымдамаларға, іссапарларға, мұнай-химия және мұнай-газ ісі бойынша студенттік халықаралық олимпиадаларға, Сase-In студенттеріне қаржылық демеушілік жасау және материалдық қолдау көрсету тиімді және перспективалы ұсынысымен "Перспектива" жобасына қатысуды ұсынды. Жоғарыда айтылғандармен қатар, Лукойл Лубрикантс Орталық Азия компаниясы мұнай химиясы және мұнай өңдеу саласындағы жетекші ғалымдарымыздың өз қызметкерлері арасында біліктілікті арттыру курстарын өткізуді, сондай-ақ біздің кафедраның бакалавр студенттері үшін дипломдық жұмыстарын бірлесіп орындауды жоспарлап отыр.