ТДМ-5: «Қызды қырық үйден тию»

11 қазан, 2023

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Студенттік қалашық әкімшілігінің ұйымдастыруымен 10-қазан күні 15, 16 студенттер үйінің 1 курс қыздарымен “Қызды қырық үйден тию” тақырып шеңберінде тренинг өткізілді. Жиналысқа врач акушер гинеколог маманы Шитанова А.К, психолог маманы Мазитова Д.Е., студенттік дирекцияның бас мамандары Сатыбалдиева Б., Тогузбаева А., жетекші маман Оразханқызы Қ. т.б. қатысты. Өткізілген шара барысында қыздар өздерінің әр түрлі сұрақтарына жауап ала алды.