Мықты денсаулық және әл-ауқат

11 қазан, 2023

«Мықты денсаулық және әл-ауқат» Тұрақты даму мақсаттары аясында 2023 жылдың 29-қыркүйегінде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ медицина және денсаулық сақтау факультетінің «Қоғамдық денсаулық» мамандығының 1 курс студенттері куратор-эдвайзер Г.А. Арыновамен бірге «Алматы Ботаникалық саябағына» барды. Студенттер Ботаникалық бақтың ішінде қаланың шулы көшелерінен демалуға арналған керемет жер екен, деп таңқалыстарын жасырмады. Бақтағы алуан түрлі гүлдер, биік қарағайлар, әдемі қайыңдар,  емен, үйеңкі сияқты ағаштарға, олардың жапырақтарының алуан түстеріне қарап, бір рахаттанасың. Студенттер бақтың ішінде 3 сағаттай жүріп, таза ауамен тыныстады. «Қоғамдық денсаулық» мамандығының студенттері ҚазҰУ-дың дәл жанындағы «Ботаникалық саябақ», мықты денсаулық қалыптастыруға көмегін тигізетін таптырмас ғажайып орын, екендігін насихаттайды.