- Басты бет
- Жаңалықтар
- Тұрақты даму мақсаттары аясында «Азаматтық процесстегі талап қою өндірісінің кейбір мәселелері» тақырыбында кездесу
Тұрақты даму мақсаттары аясында «Азаматтық процесстегі талап қою өндірісінің кейбір мәселелері» тақырыбында кездесу
Кездесу барысында талап өндірісінің негізгі мәселелері мен қазіргі кезде азаматтық істерді қарау кезіндегі ерекшеліктер мен заңнамалардағы өзгерістер туралы талқыланып, сот процесстерінің өту ерекшеліктері мен сот тәжірибесі талқыланды. Кездесу барысында студенттер болашақ заңгерлер қандай болуы керек, алдыңғы қатарлы, білімді адвокат болу үшін неге көңіл бөлу керек деген сұрақтарға жауап алды. Қазіргі кезде он-лайн істерді қарау, заңнамалардағы негізгі өзгерістер және өздерінің тәжірибесінде кездесетін сұрақтарға толық жауап алды және өз ойларымен бөлісті. Студенттер адвокаттық қызметтің қырлары мен сырлары, қиыншылықтары мен қызықтары туралы еркін диалог құрды. Кездесу соңында адвокат А.С.Нуралиеваның осы факультеттің түлегі, оқытушысы және қазіргі кездегі адвокаттық қызметтерінің жетістері, жазған ғылыми еңбектері туралы мәліметтер алды. Кездесу студенттерге әділдік және құқықтар мен мүдделерді қорғаудағы тиімді институтар туралы ақпараттар алуына зор ықпалын тигізді.