- Басты бет
- Жаңалықтар
- «Аштықты тоқтату, азық-түлік қауіпсіздігі мен тамақтануға қол жеткізу және тұрақты ауыл шаруашылығын дамыту»
«Аштықты тоқтату, азық-түлік қауіпсіздігі мен тамақтануға қол жеткізу және тұрақты ауыл шаруашылығын дамыту»
Бүгін молекулалық биология және биотехнология кафедрасының доцент м.а., б.ғ.к. Ыргынбаева Шынар Мухаметжановна 3 курс студенттерімен («6В05105-Генетика» мамандығы) «Қолданбалы генетика» сабағында тұрақты даму саласындағы «Аштықты тоқтату, азық-түлік қауіпсіздігі мен тамақтануға қол жеткізу және тұрақты ауыл шаруашылығын дамыту» тақырыбын талқылады. Бұл пікірталастың мақсаты – өнімділікті және түсімділікті арттыратын ауылшаруашылық тәжірибелерін қабылдау стратегияларын әзірлеу болды. Сабақта тұрақты даму мақсатының 2030 жылға қарай азық-түлік өнімдерін өндірудің тұрақты жүйелеріне қол жеткізу және тұрақты ауыл шаруашылығын дамыту үшін жасалатын шаралар, азық-түлік қауіпсіздігі мен дұрыс тамақтануға қол жеткізу жағдайлары сияқты негізгі міндеттері қарастырылды.
Талқылау барысында ауылшаруашылығының өнімін арттыру саласында жасалып жатқан жұмыстар талданып, қауіпсіз азық-түлік өндіру мен дұрыс тамақтануға басты назар аударылды. Өсімдіктерде кездесетін вирустық ауруларды дұрыс диагностикалап қана қоймай, олармен дұрыс күрес жүргізгенде қауіпсіз, өнімділігі мол өсімдіктер өсіру арқылы тұрақты ауыл шаруашылығын дамытуға қол жеткізуге болатыны түсіндірілді.
Осы ғасырдағы ауыл шаруашылығының басты міндеті - қоршаған орта мен адам денсаулығын сақтай отырып, тұрақты түрде өсіп келе жатқан әлем халқы үшін құнарлы азық-түлік өндіру. Зиянкестер мен аурулардың зияны ауыл шаруашылығына айтарлықтай теріс экономикалық әсер етеді, әсіресе жаңадан пайда болған вирустық аурулар үлкен мәселе туындатады. Сондықтан, вирустарды дұрыс анықтау ауруды бақылау үшін өте маңызды!