Тұрақты даму мақсаттары 8. Лайықты жұмыс және экономикалық өсу.

9 қазан, 2023

2023 жылдың 9 қазанында  Жасанды интеллект және Big Data кафедрасының ұйымдастыруымен TechGarden Kazakhstan делегациясы және Kuka робототехника компаниясымен студенттердің кездесуі өтті (https://www.kuka.com/). Кездесуге Kuka Nordic & CIS (Швеция) директоры және ресми өкілі Ким Рееслев және Қазақстан автоматтандыру және робототехника қауымдастығының президенті Төреханов Владимир Байдуллаұлы қатысты. Кездесу барысында қонақтар мен студенттер Қазақстандағы робототехниканың даму перспективаларын және Қазақстан Республикасын дамыту үшін ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Кездесу барысында компания өкілдері оқытушылар мен студенттердің сұрақтарына жауап беріп, жақсы пікір алмасу болды. TechGarden Kazakhstan миссиясы - өнеркәсіптік кәсіпорындарды цифрлық трансформациялауда қолдау және цифрлық технологияларды белсенді енгізуді ынталандыру үшін экожүйені құру. Яғни, қаржылық және операциялық артықшылықтарға ие болу үшін жаңа технологияларды белсенді түрде енгізетін «маяк» кәсіпорындарының – нарық драйверлерінің (тау-кен және металлургия өнеркәсібі, мұнай-газ өнеркәсібі, машина жасау және т.б. кәсіпорындар пулының ~ 20%) сыни массасына қол жеткізу. Ал, KUKA AG – өнеркәсіптік роботтарды шығаратын неміс компаниясы.