Тұрақты даму мақсаттары 6. «Таза су және санитария» аясында Жасанды интеллект және Big Data кафедрасы 9 қазан күні "Су ресурстарын бақылау және шешім қабылдауды қолдау үшін жасанды интеллектті қолдану" тақырыбында Халықаралық воркшоп ұйымдастырды.

9 қазан, 2023

Жасанды интеллект және Big Data кафедрасы 9 қазан күні тұрақты даму мақсаттары №6 «Таза су және санитария» аясында, су ресурстарын бақылау және шешім қабылдауды қолдау үшін жасанды интеллектті қолдану" тақырыбында Халықаралық воркшоп ұйымдастырды. Спикер - М. Е. Мансурова, жасанды интеллект және Big Data кафедрасының меңгерушісі воркшопта  Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да жасыл және цифрлық трансформация саласындағы жүргізілген зерттеулер нәтижелерімен бөлісті. Ал, спикер Оспан Ә.Ғ., жасанды интеллект және Big Data кафедрасының аға оқытушысы, «Қазақстанның су ресурстарын мониторингілеу үшін машиналық оқыту негізінде интеллектуалды геоақпараттық модельдерді әзірлеу тақырыбында баяндама жасады. Жасалған баяндама мақсаты: Су ресурстарының жағдайы және су объектілері орналасқан аймақтардың әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері туралы геодеректер базасы бар геоақпараттық модельді әзірлеу, өзгерістерді талдау және бақылау, сондай-ақ машиналық оқыту әдістерін пайдалана отырып, шешім қабылдау құралдарын орнату.