«Салауатты өмір салты» жобасы бойынша іс-шара

14 қазан, 2023

11.10.2023 - «Есеп және аудит» мамандығының 3 курс студенттері «Салауатты өмір салты» жобасы бойынша, ТДМ 3 «Салауатты өмір салты және әл-ауқат» аясында «Денсаулық туралы: мифтер мен шындық» және «Өмірдің ажырамас бөлігі ретінде физикалық белсенділік» тақырыптарында кураторлық сағат өткізді. Эдвайзер»: Phd, «Қаржы және есеп» кафедрасының доцент м. а. Когут О. Ю.

Кураторлық сағат кезінде ТДМ 3-тің «Салауатты өмір салты және әл-ауқат» басқа ТДМ-мен байланысы анықталды, өйткені кез-келген жастағы барлық адамдар үшін салауатты өмір сүру және әл-ауқатқа ықпал ету гүлденген қоғам құрудың маңызды факторы болып табылады. Денсаулығыңыз жақсы болмаса, кедейлік мәселесін шешу қиын-сол сияқты, кедейлік пен аштық жақсы денсаулыққа кедергі келтіреді (ТМД 1 «Кедейлікті жою» және ТМД 2 «Аштықты жою»).

Салауатты өмірді қамтамасыз ету және кез келген жаста әл-ауқатқа ықпал ету тұрақты дамудың негізгі факторларының бірі болып табылады деген қорытындылар жасалды. Аурулардың кең спектрін толығымен жоюдың және көптеген тұрақты және жақында пайда болған медициналық мәселелер шешудің шұғыл қажеттілігі бар.