ҚазҰУ-да Қытай мен Орталық Азия елдерінің жоғары оқу орындарының форумы өтті

14 қазан, 2023

14.10.2023 ж., сағ.11.00- де әл-Фәраби атындағы ҚазҰУ кітапханасының мәжіліс залында «ТӨРТІНШІ ӨНЕРКӘСІПТІК РЕВОЛЮЦИЯ: ӨНЕРКӘСІП ПЕН БІЛІМ БЕРУ ИНТЕГРАЦИЯСЫ» тақырыбында Орталық Азия-Қытай Жоғары Білім Ынтымақтастық Форумы өтті. Бұл форум  «БІР БЕЛДЕУ-БІР ЖОЛ» халықаралық бастамасының 10 жылдығына арналып, әл-фараби атындағы ҚазҰУ мен Цзяотун Сиань университетінің ұйымдастыруымен болды.

Аталған форумның ашылу салтанатында ҚР Президентінің кеңесшісі Отарбаев Мәлік Нұржанұлы қатысып, Ел басшымыз Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау хатын жеткізді. Сонымен қатар  ҚР Жоғары Білім және Ғылым вице-министрі Ахмед-Заки Дархан Жұмаханұлы, Цзяотун Сиань университетінің президенті Ван Шугуо, ҚазҰУ –дың түлектері қауымдастығының президенті, мемлекет және қоғам қайраткері  Мами Қайрат Абдразақұлы және Алматы қаласындағы Қытай, Тәжік, Өзбек, Қырғыз республикаларының  бас консулдары қатысып  форум мәжілісі тақырыбына сай  сөз сөйлеп, құттықтаулар айтты.

Бұл форум мәжілісінің жауапты модераторлық қызметін әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Басқарма Төрағасы - Ректор Жансейіт Қансейітұлы Түймебаевтың өзі атқарды. Ректорымыз Жансейіт Қансейітұлы Түймебаев форумды ашып беру салтанатында  «БІР БЕЛДЕУ-БІР ЖОЛ»халықаралық бастамасына Ел Президенттері аса зор мән беретініне тоқталып,  бүгінгі дамудың тренді ол: «Индустрия 4.0 тұжырымдамасына негізделген өнеркәсіп пен білім интеграциясы» екенін Қытай т.б. елдердің іргелі тәжірибелерінен мысалдар келтірді. Осы бағытта Үндістан, Қытай, Рессей және Орта Азия елдері  интеграциясы үлкен нарық болумен қатар, дамудың зор мүмкіндіктері екенін алға тартты. Қазіргі жағдайда ҚазҰУ-дың Шет елдерде және Шет елдердің ЖОО бізде еншілес филиалдары ашылуы, онда студенттер мен жас ғалымдардың  білім алып ғылыммен айналысуы баршамызды қуантады.

Қорытындылай келгенде, бейбіт өмірде «төртінші өнеркәсіптік революция: өнеркәсіп пен білім беру интеграциясы»  жақсы дамитын болса, елдердің де  болашғы жарқын, дамуы кемел болады!.

 

Экономика кафедрасының меңгерушісі, э.ғ.к., доцент Даулиева Ғ.Р.,

 аға оқытушы Кулиев И.У.