ТДМ-4: Театрға бару жалғасуда

14 қазан, 2023

Студенттердің рухани-адамгершілік мәдениеті деңгейін арттыру және бос уақыттарын тиімді пайдалану мақсатында, университет тарапынан театр қойылымдарына бару ұйымдастырылды.

14-қазан күні География және табиғатты пайдалану факультетінің 110 студенті Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында барып, «№13» 2 сахналы комедиялық қойылым тамашалап, рухани азық алып қайтты. Театр актерлері керемет өнер көрсетіп, жастарды қазіргі әлеуметтік мәселелерінің шындығына шынайы көзқарастарын қалыптастыруға бағыт-бағдар берді. Спектакль студенттерге үлкен әсер қалдырды.

Іс-шараға жауапты География және табиғатты пайдалану факультетінің аға куратор-эдвайзері А.М.Әлімбай болды.