Үздік жас кітапханашы - 2023

6 қазан, 2023

ТДМ.4 Сапалы білім

2023 жылғы 6 қазан күні әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Тарих факультеті Дүниежүзі тарихы, тарихнама және деректану кафедрасының «6B03205-Кітапханалық ақпараттық жүйелер» білім беру бағдарламасының 4-курс және 1-курс студенттері мен оқытушы Г. Абикова ҚР Ұлттық кітапханасында «Үздік жас кітапханашы - 2023» республикалық байқауының қорытынды кезеңі іс-шарасына қатысты.

Студенттер іс-шара барысында Қазақстанның 14 облысында өткен байқаудың бірінші кезең жеңімпаздары «Үздік жас кітапханашы - 2023» республикалық қорытынды байқауының қатысушылары, өз мамандығын жетік меңгерген, іскер, креативті, шығармашылық ізденістегі Жас кітапханашы мамандармен танысты.

«Жылдың үздік жас кітапханашысы – 2023» республикалық кәсіби шеберлік байқауы кәсіптің беделін арттыруға және кітапхана кәсібінің дамуын ынталандыруға бағытталған. Қатысушылар «Жаңа буын кітапханасы: менің көзқарасым», «Онлайн кітапханашы: өзекті сын-қатерлер мен жаңа форматтар», «Кітапхана – өңірдің мәдениөңірінің флагманы», «Менің таңдауым – кітапхана», «Мен – кітапханашымын», «Кітапханашының өмірінен бір күн» тақырыбында эсселерін, «Кітапханашы келбеті» тақырыбындағы бейне таныстырылымын, Кітапханашы кәсібінің әлеуметтік маңыздылығын, өзі жұмыс жасайтын мекемесінің маңыздылығын ашатын библиопортфолио жобаларын ұсынды.

«6B03205-Кітапханалық ақпараттық жүйелер» білім беру бағдарламасының 4-курс және 1-курс студенттері, болашақ кітапханашы мамандар Кітапхана саласының жұмысына байланысты жақсы мәліметтермен танысты. Қазіргі уақыт басқа салалар секілді кітапханашы-мамандарға да жаңа талаптар қойып отырғанын. ХХІ ғасыр кітапханашысы кәсіби жағынан құзіретті, нағыз шығармашыл тұлға болуға тиіс, оған қазіргі уақытта мүмкіндіктер мол екендігіне көздері жетті. Болашақ әріптестермен ой бөлісіп, пікір алысудың өзі өз алдына бір мектеп, болашақтарыңызға бір үлкен тәжірибе болды деп ойлаймын. Шара соңында студенттер өз ойларымен, алған әсерлерімен бөлісті. Жалпы, мерекелік іс-шара жоғары деңгейде өткізілді.