ТДМ-10: «Жас таланттар-2023» байқауы

17 қазан, 2023

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да  «БІЗ – ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН ЖАСТАРЫМЫЗ!» атты 1 курс қазақстандық, шетелдік және даму мүмкіндігі шектеулі студенттер арасында өтетін  «Жас таланттар» байқауының іріктеу кезеңі басталды. Байқау номинациялары:

  • Қолөнер байқауы; 
  • Әншілер байқауы;
  • Бишілер байқауы;
  • Музыкалық аспаптарда ойнау шеберлігі;
  • Жүргізушілер байқауы;
  • Актерлік шеберлігі байқауы;
  • Үздік  мобилограф байқауы;

Әр байқау бойынша қатысушылардың өнерін ҚР эстрада жұлдыздары, әйгілі продюсер, әртістер, хореографтар мен мобилографтардан құралған қазылар алқасы бағалайды. 

Байқаудың қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен лауреаттар дипломдар мен сыйлықтармен марапатталады.

Кастинг 9 қазаннан 10 қарашаға дейін Студенттер сарайы 312, 313 кабинеттерде, «Рухани»  орталығында және би залдарында өтеді.

Байқаудың жеңімпаздары әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Ө.А.Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайында, 17  қарашада өтетін фестивальдің қорытынды гала-концертінде өз өнерлерін көрсетеді.