«Atameken business news» Ақпараттық агенттігіне сұхбат
2023 жылдың 16 қазанында «Тұрақты даму мақсаттары» жобасы «Бейбітшілік, әділдік және тиімді институттар» тармағының аясында Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасының аға оқытушысы, PhD докторы Түлегенов Қайрат Мұратқалиұлы «Atameken Business News» ақпараттық агенттігіне «Күндізгі формат / Израиль мен Палестина арасындағы соғыс. Оның әлем және Қазақстан үшін қандай салдары бар?» бағдарламасына онлайн режимінде сұхбатта Палестина-Израиль мәселесі бойынша сараптамалық пікірін білдірді. Палестиналық саяси партиялардың бірі ХАМАС пен Израиль арасындағы қазіргі соғыста екі жақтан да бейбіт тұрғындар қаза табуда. Қайрат Мұратқалиұлы шиеленіс енді ғана дами бастағанын және ХАМАС пен Израиль үкіметі арасындағы келіссөздер тек медиаторлардың қатысуымен бір ай немесе одан да көп уақытқа ғана орын алуы мүмкін болады деген пікірін білдірді.