«Open API Open Banking және цифрлық қаржылық сервистер экожүйесінің дамуы» тақырыбында қонақтық дәріс

18 қазан, 2023

2023 жылдың 18 қазанында сағат 8:00-де «Лайықты еңбек және экономикалық өсу» 8-мақсаты аясында Қаржылық реттеуші ұйымының экономист-аналитигі Есенжол Дарханмен «Қаржы және есеп» кафедрасының аға оқытушысы, экономика ғылымдарының кандидаты Асилова А.С. мен 4 курс студенттерінің қатысуымен «Сандық қаржы» пәнінен «Open API Open Banking және цифрлық қаржылық сервистер экожүйесінің дамуы» тақырыбында қонақтық дәріс өтті. Дәрісте Қазақстан Республикасының Open API және Open Banking енгізілуі және жүзе асуы талқыланды. Сонымен қатар, еліміздегі цифрлық трансформация кезеңінде қаржы нарығын дамыту, Open API мен Open Banking-тің дамуының мақсаты, қаржы нарығын реттеушілердің әртүрлі тәсілдері реттеу әдістерінің шетелдік тәжірибесі қарастылды. 

Студенттерден көптеген өзекті сұрақтар қойылды:

• Open API және OPEN BANKING еліміздің экономикасына қандай пайдасы болады? 

• Бұл жобаны еңгізу қаншалықты дұрыс?

• Артықшылықтары көппе әлде кемшіліктері көппе?

• Жоба нақты қай уақытта іске қосылады?

• Жобаның белгіленген мерзімінен кешігуі қаншалықты мүмкін? 

• Жоба іске қосылса банктерге, клиенттерге қандай тәуекелдері болуы мүмкін?

Лекция студенттерге пайдалы болды. Білімін тәжірибемен ұштастырған маманның теориялық білімді практика түрінде қолданатын осындай экономистерден дәріс алу студенттерге ынталандырушылық жағынан да пайдалы.