Кедейшілік мәселесі: табыс және өмір сүру деңгейі

19 қазан, 2023

18.10.2023 жылы «Экономика» кафедрасының аға оқытушысы Иляшова Г.К. «Ұлттық экономика» сабағында оқу бағдарламасымен кіріктіре отырып қазіргі таңдағы әлемдегі өзекті мәселелерді қамтитын «Тұрақты даму мақсаттары» (ТДМ) жобасы негізінде мақсаттар кешенінің алғашқы бөлімі кедейшілік мәселесін қозғайтын,  «Кедейшілік мәселесі: табыс және өмір сүру деңгейі» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

Дөңгелек үстелде «Тұрақты даму мақсаттары» тақырыбында мақсаттар кешенінің негізі айқындалып, кедейшілік мәселесі қозғалды. «Кедейшілік түсінігі және түрлері», «Әлемдік кедейшілік мәселесі», «Қазақстандағы кедейшілік мәселесі», «Кедейшілік: елдер бойынша салыстырмалы талдау»  жөнінде баяндамалар талданып, кедейшілік тақырыбына байланысты арнайы видеоролик те көрсетілді.

Ұйымдастырушылар: «Экономика» кафедрасы, меңгерушісі Даулиева Г.Р., кафедра меңгерушісінің орынбасары Иляшова Г.К. және «6B04103  - Экономика» мамандығының 4 курс студенттері.