Ұлағатты ұстаз - Жеңіс Өмірбекұлы атындағы физика-математикадан Аягөз аудандық дәстүрлі Олимпиада

20 қазан, 2023

2023 жылдың 13-ші қазанында Абай облысы, Аягөз ауданы, Баршатас ауылындағы О.Меңаяқұлы атындағы ЖББО мектепте "Ұлағатты ұстаз - Жеңіс Өмірбекұлы атындағы физика-математикадан Аягөз аудандық дәстүрлі Олимпиада" 5-ші мәрте өтті.

Марқұм Жеңіс Өмірбекұлы Шұбартау өңірінің тумасы, осы мектептің түлегі, физика-математика ғылымдарының кандидаты, доцент, Мәскеу Энергетика Институтының түлегі, саналы өмірін Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінде дәріс берген ғалым – ұстаз. 2016-шы жылы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің физика-техникалық факультетінде Ж.Өмірбекұлы атындағы лабораториялық кабинет ашылса, 2019 жылы О.Меңаяқұлы атындағы мектепте математика кабинеті ашылды.

Бұл іс-шара 2009 жылдан бері Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де өткізіліп келе жатқан "Ғалым-ұстаз Ж.Өмірбекұлы атындағы физикадан студенттермен оқушылар арасындағы Республикалық Олимпиада"-ның бір құрамдас бөлігі

Республикалық Олимпиадаға бастаушы болған Жеңіс Өмірбекұлының шәкірттері техника ғылымдарының кандидаты, "Ұлттық Мемлекеттік Ғылыми-Техникалық сараптамалық орталығы"-ның Вице-Президенті   доцент Рүстем Манатбаев, ҚазҰУ-нің физика-техника факультетінің доценті , физика-математика ғылымдарының кандидаты Мұхтар Исатаев және ҚазҰУ-нің механика-математика факультетінің доценты, физика-математика ғылымдарының кандидаты Жәнібек Байтүленовтердің бастамасымен,  О.Меңаяқұлы атындағы ЖББО мектеп ұжымының ұйымдастыруымен және мектебіміздің түлегі Саят Өмірбековтың демеушілігімен физика- математикадан Аягөз аудандық  Олимпиада  ұлағатты ұстаздың туған жері Шұбартау өңірінде 2017-ші жылдан бері өткізіліп келеді .

2018-ші жылы ҚазҰУ-нің физика-техникалық және механика-математика факультеттері О.Меңаяқұлы атындағы ЖББО мектебімен серіктестік туралы Меморандумға қол қойып бүгінгі күнге дейін әріптестіктерін жалғастырып келеді. Осы уақыт ішінде бұл Олимпиада өзінің жоғары деңгейі және әділдігімен танылды. Олимпиада есептері ҚазҰУ-де дайындалып, ғалым-ұстаздардың тікелей бақылауымен өткізіледі. Сонымен қатар Меморандум аясында ғалым-ұстаздар ауданымыздағы мектептердің физика, математика пәндерінің мұғалімдеріне дәріс оқып, тыңдаушыларына ҚазҰУ-нің "біліктілігін жетілдіру туралы сертификат"-ын береді .

Аудандық Олимпида үздіктері Ж.Өмірбекұлы атындағы Республикалық Олимпиадаға шақыру алады. Олимпиада 9,10, 11-інші сынып оқушылары арасында өткізіледі.

Олимпиаданың салтанатты ашылуы еңбек ардагерлері, ауыл ақсақалдары, ұстаз-ғалымдардың тілектерімен басталып, мектеп оқушыларының концертімен жалғасты. Дәстүрлі Олимпиадаға Аягөз ауданының үздік мектеп оқушылары қатысып, білім сынасып, төмендегідей нәтиже көрсетілді :

 * 9 -шы сынып бойынша :

--3-ші орын

- Усимбекова Назира , О.Меңаяқұлы о.м.

- Базарбай Парасат, Т.Көбдіков о.м.

- Серікказинов Абусеит, Ақшәулң о.м.

--  2-ші орын

- Ерланұлы Ақылжан

- Тәңірбергенова Еркежан, Шынқожа Батыр о.м

--  1-ші орын

- Сағибекова  Әйгерім, қалалық қазақ мектеп - лицейі

 * 10-шы сынып бойынша:

-- 3-ші орын

- Аманкелді Нұрсұлтан, мектеп-лицей

- Аманкелдіқызы Аяулым,

- Төлегенұлы Жанкелді, М.Абеулов о.м.

--  2-ші орын

- Қабылова Дария, Шынқожа о.м.

- Алимгазина Жания, қалалық қазақ мектеп-гимназия

--  1-ші орын

- Мелс Әкежан, О.Меңаяқұлы о.м.

* 11-ші сынып бойынша:

-- 3-ші орын

- Аубакир Қарақат, О.Меңаяқұлы о.м.

- Исатаева Анель, М.Әбеулов о.м.

- Азат Жандос, Горный о.м.

--  2-ші орын

- Нүртаева Шырын, Шынқожа Батыр о.м.

- Абзалова Нұрдана, қалалық қазақ мектеп- лицейі

--   1-ші орын

- Бесітаева Алия, қалалық көпбейімді қазақ мектеп-гимназиясы .

 

Жеңімпаздарға ҚазҰУ-мен О.Меңаяқұлы атындағы ЖББО мектеп атынан арнайы дипломдар тапсырылып,  ерекше көзге түскен оқушылар алғыс хатпен марапатталды .

3-інші орын алған 9 оқушы - 20000 теңге , 2-інші орын алған 6 оқушы - 30000 теңге, 1-інші орын алған 3 оқушы 60000 теңгеден ақшалай сыйлық  табысталды .

1-інші орын алған 3 оқушының ұстаздарына  алғыс хат беріліп   20000 теңгеден сыйлық табысталды.

ҚазМУ-нің ғалым-ұстаздарынан дәріс алған физика және математика пәндерінің мұғалімдеріне ҚазМУ-нің "білімін жетілдіру сертификаты" табысталды .

 

Бұл іс-шара Гүлнүр Сихымбаева басқаратын О.Меңаяқұлы атындағы ЖББО мектеп ұжымының жоғары деңгейде ұйымдастыруы арқасында өтті.

Сондай-ақ, мектеп басшылығы олимпиаданы ұйымдастырушыларға алғыс хат табыс етті.