ТДМ-6 «Лайықты жұмыс және экономикалық өсу»
16.10.2023 жылы кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының аға оқытушысы PhD докторы Қ.М.Қожабек 2-курс студенттерімен Тұрақты дамудың 6-мақсаты «Лайықты жұмыс және экономикалық өсу» Мемлекеттік қаржылық бақылау тақырыбында дәріс өткізді.
Қаржылық бақылаудың тиімділігі көп жағдайда оны ұтымды ұйымдастырумен, бақылаудың субъектілерін, олардың құқықтары мен міндеттерін айқын етіп анықтаумен, қаржылық бақылауды жүргізудің нысандарын және әдістерін дұрыс ұйымдастырумен анықталады.
Жалпы мемлекеттік қаржылық бақылауды мемлекеттік билік пен басқарудың мына органдары жүргізеді: Президенттің аппараты, Қазақстан Республикасының Парламенті, Үкіметі, жергілікті өкілдікті органдар (депутаттардың жиналыстары), жергілікті әкімшілік органдары. Бақылаудың бұл түрін Қазақстан Республикасы Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік қаржылық бақылаудың жоғары органы болып табылатын Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті жүргізеді.