ҚазҰУ Баспасөз қызметі семинар-тренингке қатысты
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Ақпарат және коммуникациялар департаментінің директоры Қаншайым Байдәулет пен «Qazaq Universiteti» газеті басқармасының бас сарапшысы Нұргүл Өнербек ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің ұйымдастыруымен өткен екі күндік семинар-тренингке қатысты.
Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде өткен тренингте еліміздің жоғары оқу орындарының баспасөз хатшылары бас қосты.
Мақсат – баспасөз хатшыларының кәсібилігін жетілдіру және біліктілігін арттыру.
Еліміздің әр өңіріндегі жоғары оқу орындарының баспасөз хатшылары семинарда дағдарыс жағдайындағы жұмыс, кәсіби қызметке қажет ішкі және сыртқы коммуникациялар, қоғаммен байланыс жұмыстарындағы заманауи әдістемелер, стратегия құру, баспасөз қызметінің құрылымы, мәртебесі, жалақысы және т.б өзекті мәселелерді талқылады.
Сонымен қатар семинар-тренингте қатысушылар топ-топқа бөлініп, өзара тәжірибе алмасу мүмкіндігіне ие болды.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі