Корея университеттерімен ынтымақтастықтың жаңа көкжиектері

23 қазан, 2023

        2023 жылдың 18 қазанында Тэгу Шығыс медицинасы университетінің проректоры Пак Джин Су мырза Шығыстану факультетінде болды. Проректор факультет деканы Н.Б. Ем, кафедра меңгерушісі А.Б.Абағанмен кездесті. Тэгу Шығыс медицинасы Университеттің даму стратегиясы ғылыми зерттеулерді дамытуға негізделген. Ал университетімізге келген  Пак мырза  ғылыми-зерттеу және өндіріс арасында тығыз байланыс орнату мәселесімен тікелей айналысады. ТМД елдерімен ынтымақтастық шекарасын кеңейту мақсатында  проректорды Шығыстану факультетіндегі Қиыр Шығыс кафедрасымен тікелей танысып, байланыс орнату мүмкіндіктерін қарастыруды жөн көрді. Өйткені  Корея елінің тілін ғана емес, экономика, тарих, мәденетін маман тұрғысынан меңгерген Қиыр Шығыс кафедрасының мамандары ғана  екі ел арасындағы  медицина  факультеттер арасындағы ынтымақтастықты орнатудың көпірі бола алады.