ҚазҰУ қалашығындағы дәстүрлі сенбілік

7 қазан, 2023

Тұрақты даму  мақсаттары бойынша құрлық экожүйелерін сақтау мақсатында 2023 жылдың 7 қазан күні әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті биология және биотехнология факультетінің биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасы жалпы университеттік сенбілікке ат салысқан болатын.  Дәстүрлі сенбілік ҚазҰУ қалашығында тәртіп пен тазалықты сақтауға бағытталған. Сенбілік барысында университет аумағы жапырақтардан, қоқыстан тазартылды.«Тазалық – табалдырықтан басталады», демекші қоршаған ортаның тазалығына жауапкершілікпен қарау – әрбір азаматтың басты міндеті.  Мұндай игі іс-шаралар білім алушы жастардың университеттің қоғамдық өміріне белсенді қатысуын ынталандырады.

Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасы 

www.kaznu.kz