- Басты бет
- Жаңалықтар
- МЕХАНИКА-МАТЕМАТИКА ФАКУЛЬТЕТІНІҢ СТУДЕНТТЕРІ ҚОСЫМША МЕМЛЕКЕТТІК ГРАНТҚА ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
МЕХАНИКА-МАТЕМАТИКА ФАКУЛЬТЕТІНІҢ СТУДЕНТТЕРІ ҚОСЫМША МЕМЛЕКЕТТІК ГРАНТҚА ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
23 қазан, 2023
![](/storage/news/23085430576535fd44df896021182783_грант декан.jpg)
ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің бұйрығына сәйкес Механика-математика факультетінің «Есептеу ғылымдары және статистика» мамандығының 2 курс студенті АХМЕТЖАН Алишер мен «Ғарыштық техника және технологиялар» мамандығының 3 курс студенті ЖОЛДАС Бекжанға қосымша мемлекеттік грант тағайындалған болатын.
Сондықтан өткен аптаның сейсенбісінде факультет деканы, ф.-м.ғ.д., профессор У.С.Әбдібеков пен оның орынбасарлары аталған студенттердің сабақ өтіп жатқан аудиторияларына барып қосымша берілген тегін оқу гранттарын табыс етті. Үздік оқу, табандылық пен еңбекқорлық нәтижесінде қол жеткізген жеңістерімен құттықтап, ата-аналарын әрі қарай қуанта берулеріне тілектестіктерін білдірді.
Басқа жаңалықтар
![](/storage/news/2801870279669de8679bc1d452628194_4.jpg)
22 шілде, 2024
![](/storage/news/3143404026669a457ef1a67363282100_10.jpeg)
19 шілде, 2024
![](/storage/news/33871989506699f775bddfe215293067_(3).jpg)
19 шілде, 2024