- Басты бет
- Мұражай
- Қырғыз Республикасының астанасы Бішкектегі ҚазҰУ филиалының студенттері кампус-тур аясында орталық музейді тамашалады
Қырғыз Республикасының астанасы Бішкектегі ҚазҰУ филиалының студенттері кампус-тур аясында орталық музейді тамашалады
Бішкектегі ҚазҰУ филиалында оқитын 250 студент университет мұражайына, Студенттер сарайына, «Керемет» СҚО-ға барып, ҚазҰУ факультеттерімен және кампусымен танысты.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Бішкектегі филиалы 2022 жылдың мамыр айынан бастап жұмыс істейді. Ол Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаровтың 2021 жылғы наурызда Қазақстанға жасаған ресми сапарының қорытындысы бойынша құрылды.
Музей экскурсиясы кезінде биология және биотехнология, механика-математикалық мамандықтар, география және табиғатты пайдалану, шығыстану, ақпараттық технологиялар, журналистика, филология, экономика және бизнес, құқықтану, химия және химиялық технологиялар, философия және саясаттану факультеттерінде оқитын студенттерге университет тарихы, белді ғылыми мектептері, құрылымдары мен болашақ жоспарлары туралы тың мәлімет берілді. Өз тарапынан студенттер университетке қатты қызығушылығын, ризашылығын білдірді