ҮЛКЕНДЕРДІ ҚҰРМЕТТЕУ-БІЗДІҢ ДӘСТҮРІМІЗ

5 қазан, 2023

2023 жылдың 1 қазан күні әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті биология және биотехнология факультетінің  ұжымы Халықаралық қарттар күнімен ардагер оқытушы-ғалымдарын үлкен қошеметпен құттықтап,  мерекені атап өтті. Ардагер оқытушы-ғалымдарымыздың  қалыптасқан үлкен дәстүрлі мектебі жылдар бойы шәкірттеріне үлгі-өнеге болуда. Терең білімі мен өмірлік тәжірибелерін қоғам игілігіне арнаған ардагер ұстаз-ғалымдарымыз – береке-бірліктің, ұлағатты тәрбиенің берік темірқазығы. 

«Бала өсіргің келсе, дана жүректі қатты ұста, үйрет білім, ізетті», – деп Жүсіп Баласағұн айтпақшы, аталардан қалған аманат, ұрпаққа берілген ұлағатты ғибрат сөздер халықтың да асыл қазынасы. Әр ұлттың өзіндік ерекшелігі, салт-дәстүрі, тілі, ұлттық мәдениеі болатыны белгілі. Қазақ «қарттар – үйдің қазынасы» деп,үлкенді құрметтеген. «Ауылыңда қартың болса, жазылып қойған хатпен тең» деп жасы кішілер оларға құрмет көрсеткен. Үйдің берекесі мен мерекесі, есігіміздің ажарын кіргізіп тұратын үйдің үлкендері  бастаған әр қадамымызға  дұрыс жол сілтеп, ата-бабамыздан қалған нақыл сөздермен сусындатып отырады. Ескінің көзін көрген аталарымыз бен  әжелеріміз мамандық алмасада, өмірден көркен-білгенімен дәрігер де, мұғалім де, емші де. Үлгілі отбасылардың өнегесін алып, өсіп-өнген ел мақтанар, қызыға  қарар  әулет болуға талпынайық. Қарттар күні саналы ғұмырларын Отан деп, тынымсыз еңбектерімен мемлекетіміздің негізін салуға жол ашқан алдыңғы буын ата- әжелеріміздің төл мерекесі. Олардың өмір жолдары бүгінгі ұрпаққа табылмас қазына.

Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасы 

www.kaznu.kz