- Басты бет
- Жаңалықтар
- ТДМ аясында «Қазақстандағы ESG күн тәртібінің өзектілігі. Қаржы секторындағы ТДМ-ға ұмтылу ерекшеліктері»
ТДМ аясында «Қазақстандағы ESG күн тәртібінің өзектілігі. Қаржы секторындағы ТДМ-ға ұмтылу ерекшеліктері»
20.10.23 Әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің заң факультетінде Тәуекелдерді басқару орталығы АҚ "Банк ЦентрКредит" басқарушы директоры К.Э. Эрмакбаева және Қазақстан Республикасының ЮНЕСКО клубтарымен жұмыс жөніндегі ұлттық үйлестірушісі Г.Е. Ережеповамен дөңгелек үстел аясында кездесу өткізілді. Дөңгелек үстел «Қазақстандағы ESG күн тәртібінің өзектілігі. Қаржы секторындағы ТДМ-ға ұмтылу ерекшеліктері» тақырыбында өтті. Іс-шарада Қазақстандағы ESG күн тәртібіндегі өзекті мәселелер қозғалды: құрылымы, тұрақты даму тұжырымдамасының өзектілігі, ESG тұрақты дамуы, тұрақты даму саласындағы жаһандық бастамалар, жаһандық бастамалар контекстіндегі Қазақстан анықталды, және ТД-Мның жаһандық контекстіндегі ЮНЕСКО-ның орны мен рөлі жан-жақты қарастырылды.
Студенттерге мәселелерді талқылауға белсенді қатысқаны үшін «Банк ЦентрКредит» АҚ бағалы сыйлықтары табыс етілді!
Модераторлар: з.ғ.д., профессор Сулейменова С.Ж., PhD докторы Асанова С.Е., оқытушы Алкебаева Д.А.
Ұйымдастырушылар: Азаматтық құқық және азаматтық іс жүргізу, еңбек құқығы кафедрасы.