ЗТБ «Орталық Азиялық Жарнама Ассоциациясымен» бірлескен вебинар

23 қазан, 2023

2023 жылдың 19 қазанында 14:00 – 15:15 әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Экономика және бизнес жоғары мектебінің «Бизнес технологиялары» кафедрасы Орталық Азия жарнама қауымдастығыЗТБ-мен бірлесіп https://aaca.com.kz/ жарнама жәнемедиа нарығының жетекші сарапшыларыныңқатысуымен «Маркетинг», «Логистика» мамандықтарының студенттеріне арналған вебинар өтті.

Вебинардағы спикерлер:

1. Тәжірибеде маркетингте AI қолдану – Валерия Макеева, EZ Solutions компаниясының креативтікопирайтері

2. PPT - тартымды презентацияларды қалай дұрысжасау керек - Алена Киричок, IVision басшысы

3. Презентацияның негізгі дағдылары – Алексей Радиванович, Admixer Central Asia бас директоры

Модератор:

Марина Бузубаева – TV Media Digital Sailдиректоры, CARA кадрлық комиссиясыныңжетекшісі

Дәрісте «Жасанды интеллекттің» маркетинг жәнелогистика саласына пайдасы және оны ұтымдыпайдалану жолдары туралы кеңестер айтылып, PPT-ұтымды және тартымды презентация жасаужолдары талқыланды. Сондай-ақ студенттергебілім беру үдерісіндегі презентациялардың сапасынарттыруға көмектесетін тәжірибелер мен әдістермен алмасу ұсынылды.

Ұйымдастырушылар: э.ғ.к., доцент (доцент), әл-Фараби атындағы ҚазҰУ бизнес технологиялары кафедрасының меңгерушісіАхметова З.Б., кафедраның аға кураторы Шарапиева М.Д. және Сартова Р.Б.