«Т. Жүргеновтің рухани әдеби мұрасы және қазақ мәдениеті»

13 қараша, 2023

 

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

ФИЛОЛОГИЯ ФАКУЛЬТЕТІ

ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТ ТЕОРИЯСЫ КАФЕДРАСЫ

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 90 жылдық мерейтойына орай, осы оқу орынның негізін салушылардың бірі, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Темірбек Жүргеновтің 125 жылдығына арналған «Т. Жүргеновтің рухани әдеби мұрасы және қазақ мәдениеті» атты жоғары оқу орындарының студенттерін (журналистика, филология) эссе байқауына   қатысуға шақырамыз.

Эссе байқауының мақсаты:

- Мемлекет қайраткері Т.Жүргеновтің өмірі мен рухани мұрасын кең көлемде дәріптеу, оның Орта Азия мен Қазақстанның ғылымы мен білімін, мәдениеті мен өнерін дамытудағы еңбегін зерделеу;

- Студенттердің шығармашылық қабілетін дамытуға атсалысу, ойды нақты және сауатты жеткізе білуге баулу;

- Қабілетті, дарынды студенттерді  анықтау және марапаттау.

Байқауды өткізудің тәртібі мен мерзімі:

Жұмыстар 13.11.23-25.11.23 аралығында қабылданады.

Жеңімпаздар 2023 жылдың  қараша айының соңына дейін анықталады.

Байқау шарттары:

  • Байқау жұмыстары байқаудың талаптары мен эссе жазу нормаларына сай болуы шарт.
  • Байқауға ұйымдастырушылар арнайы бекіткен тақырыптар бойынша қазақ, орыс тіліндегі жұмыстар қатысады.

Эссе арнайы бекітілген төмендегі тақырыптар  негізінде жазылады.

  1. Темірбек Жүргеновтің рухани, әдеби  мұрасы
  2. Темірбек Жүргенов – түркі әлеміне ортақ тұлға
  3. Темірбек Жүргенов – қарымды сыншы-көсемсөз иесі
  4. Темірбек Жүргенов және  қазақ мәдениеті
  5. Темірбек Жүргенов – көрнекті мемлекет қайраткері

Байқауды ұйымдастыру:

Байқау жұмыстарын тәуелсіз сараптама комиссиясы бағалайды.

Байқауда оза шыққан жеңімпаздар дипломмен марапатталып, сыйлыққа ұсынылады.

Үздік 10 эссе авторы байқауға қатысқаны жайлы сертификат алады.

Эссе материалдарын  рәсімдеуге қойылатын талаптар:

1. Жұмыстар 2023 жылғы 13 қараша мен 25 қараша аралығында эссе материалдары электронды нұсқада kazlit19@gmail.com почтасына қабылданады. Файл «Microsoft Office Word құжаты» форматында сақталуы тиіс. Байланыс телефоны: +7-778-683-32-55 (Ұлжалғас)

2. Автордың аты-жөні, тегі, оқу орны, курсы, мамандығы, елі (шрифт Times New Roman, жартылай қою, курсив, 14 кегль) беттің жоғарғы оң жақ бұрышына орналастырылуы қажет (үлгіні қараңыз).

3. Эссенің атауы (шрифт Times New Roman, жартылай қою, 14 кегль) – беттің ортасында (үлгіні қараңыз).

4. Эссе материалдардың көлемі 300-350 сөзден  аспауы тиіс.

Назар аударыңыз! Эссе тақырыбына сәйкес келмейтін, сондай-ақ редакциялаудан өтпеген материалдар қабылданбайды.

Қорытынды:

  • Байқау қорытындысы әлеуметтік желілердегі парақшаларда 2023 жылдың желтоқсан айында жарияланады.
  • Тәуелсіз сараптама комиссиясы іріктеп алған эссе жұмыстары kaznu.kz университет, факультет сайтында  жарияланады.
  • Диплом, сертификат және сыйлықтарды беру «ЖҮРГЕНОВ АПТАЛЫҒЫ» аясында жүргізіледі.

ҮЛГІ

 

ЭССЕНІҢ АТАУЫ

Ахметов Қ., Қазақстан,

Алматы, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті,

Филология факультеті

«6В01701 – Қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру

бағдарламасының 2 курс студенті

 

 

Автор туралы мәлімет: Аты-жөні (толық); қала; оқу орны және мамандығы; курсы; байланыс үшін байланысу ақпараты (телефон, e-mail)