«Тахауи Ахтановтың көркемдік әлемі»

7 қараша, 2023

Әл-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

ФИЛОЛОГИЯ ФАКУЛЬТЕТІ

Қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасы

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

Құрметті әріптестер!

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті филология факультетінің қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасы 2023 жылдың 7 қараша күні қазақ әдебиетінің классик жазушысы Тахауи Ахтановтың 100 жылдығына арналған «Тахауи Ахтановтың көркемдік әлемі» атты халықаралық ғылыми­тәжірибелік конференциясына шақырады.

Конференция аясында 4 секция жұмыс істейді:

  1. Т.Ахтановтың әдеби мұрасы
  2. Т.Ахтанов шығармашылығы және қазіргі қазақ романы
  3. Т.Ахтанов драмалары және қазіргі драматургияның мәселелері
  4. Заманауи әдебиеттанудың өзекті мәселелері

Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.

Конференцияға қатысу түрі: тікелей, сырттай.

 

Конференцияға ғылыми қызметкерлер, оқытушылар, жас ғалымдар қатыса алады.

Алматыға келуге байланысты барлық шығындар баяндамашылардың өз есебінен болады.

Конференция қорытындысы бойынша электронды материалдар жинағы шығарылады.

Мәтін компьютерде теріліп, төмендегідей техникалық талаптарды қажет етеді:

Көлемі 5 бетке дейін болып, баяндама – Tіmes New Roman, 14 кегль шрифтерімен, әр жолдың арасы бір интервалдан терілуі шарт. Мақала беттерінің өлшемдері: үсті – 2 см, асты – 2 см, оң жағы – 2 см, сол жағы – 2 см. Мәтін редакцияланып, электронды нұсқасы Word форматында сақталуы керек. Баяндаманың жоғарғы оң жағында автордың аты-жөні, жұмыс орны мен қызметі, ғылыми дәрежесі, мәтіннің ортасында баяндаманың атауы көрсетіледі. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі сілтеме реті бойынша баяндаманың соңында жазылады.

Конференцияға қатысу үшін 2023 жылдың 5 қарашасына дейін өтініш білдіріп, баяндаманы e-mail: ahtanovconference@gmail.com арқылы жіберуге болады. Ұйымдастыру комитеті конференцияның тақырыбына немесе ғылыми мақалаларды рәсімдеу талаптарына сай келмейтін ғылыми мақалаларды қабылдамауға құқығы бар.

Конференцияға қатысу жайлы өтініш пен баяндаманы төмендегі мекен-жай бойынша жіберіңіздер: 050040, Алматы қ., Әл-Фараби даңғ., 71, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасы.

Жауапты хатшылар: телефон: +7 707 717 42 60 Солтанаева Е.М., +7 707 290 75 46  Даутова Г.Р. 

Конференцияға қатысу жарнасы – 3000 теңге.

Ақпараттық хатта көрсетілген шарттардың сақталуына назар аударуларыңызды сұраймыз.

Конференцияның өтетін жері: 050040, Алматы қаласы, Әл-Фараби даңғылы, 71, Әл-Фараби кітапханасы, 409 конференц­зал, сағат 11.00.

Тіркеу 2023 жылдың 7 қараша, сағат 10.30 өтеді.