«Таразитану және қазақ әдебиетінің даму тенденциялары»

21 қараша, 2023

 

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

ФИЛОЛОГИЯ ФАКУЛЬТЕТІ

ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТ ТЕОРИЯСЫ КАФЕДРАСЫ

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті филология факультеті қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасы 2023 жылдың 21 қарашасында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақ ұлттық өнер университетінің профессоры, жазушы, драматург, сценарист ӘШІМОВ ӘКІМ ҮРТАЙҰЛЫНЫҢ (ӘКІМ ТАРАЗИ) 90 жасқа толған мерейтойы қарсаңында өтетін «Таразитану және қазақ әдебиетінің даму тенденциялары» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға шақырады.

Конференцияға шетелдік, қазақстандық ЖОО мен ғылыми-зерттеу институттарының ғалымдары, докторанттар, магистранттар және БАҚ өкілдері шақырылады. Конференция аясында қазақ әдебиеті тарихы және оның даму тенденциялары, әдебиеттану, драматургия ғылымының өзекті мәселелері  талқыланады.

Конференцияда қарастырылатын мәселелер:

  • Әдебиеттану ғылымының өзекті мәселелері;
  • Қазақ әдебиетінің тарихы және оның даму тенденциялары;
  • Қазақстандағы фольклортану ғылымы: өткені, бүгіні, болашағы;
  • Әкім Тарази және қазақ драматургиясы
  • ЖОО және орта мектепте қазақ тілі мен әдебиетін оқытудың  әдістемесі.

 

Қатысу шарттары.

Конференция қазақ және орыс тілінде өтеді. Конференция материалдарын екі тілде электронды жинақ ретінде шығару жоспарланған.

Материалдар 2023 жылдың 20 қарашасына дейін қабылданады.

Конференция бағдарламасына қосу үшін ұйымдастыру комитетінің мекенжайына баяндама (мақала) және конференцияға қатысушының тіркеу формасы электронды түрде (міндетті түрде) ұсынылуы қажет.

Конференция материалдарының жинағының шығуына жауапты редактор: ф.ғ.д., профессор Сәуле Баймырзақызы Ержанова.

Е-mail: kazlit19@gmail.com

Байланыс телефондары: +7 (727) 377-33-30 (ішкі нөмері: 1328); +7-778-683-32-55 (Ұлжалғас)

Материалдарды рәсімдеуге қойылатын талаптар:

  1. Материалдар электронды нұсқада kazlit19@gmail.com почтасына қабылданады. Файл «Microsoft Office Word құжаты» форматында сақталуы тиіс.
  2.  Автордың аты-жөні, тегі, қызмет орны, ғылыми атағы, елі (шрифт Times New Roman, жартылай қою, курсив, 14 кегль) беттің жоғарғы оң жақ бұрышына орналастырылуы қажет (үлгіні қараңыз).
  3.  Мақаланың атауы (шрифт Times New Roman, жартылай қою, 14 кегль) – беттің ортасында (үлгіні қараңыз).
  4.  Негізгі мәтін Times New Roman (14 кегль) шрифтімен бір жоларалық интервал арқылы орындалады (үлгіні қараңыз). Негізгі мәтіннің абзацтық шегінісі – 1 см; теңестіру – ені бойынша; мәтіндегі тасымалды орналастыру – автоматты түрде.
  5. Әдебиеттер тізімі – негізгі мәтіннен кейін (шрифт Times New Roman (кегль 12) (үлгіні қараңыз).
  6. Әдебиетке сілтеме төртбұрышты жақшаға алынады және сөйлем соңында әдебиеттер тізімінен алынған дереккөздің №, сондай-ақ беттің № (үлгіні қараңыз) тұрады. 
  7. Автор туралы мәліметтер мәтіннің соңында көрсетіледі: тегі, аты, әкесінің аты (толық); қаласы; жұмыс орны және лауазымы; ғылыми дәрежесі және атағы; студент, магистрант, докторанттар оқу орнын, курсын, факультетті немесе кафедраны көрсетеді (үлгіні қараңыз).
  8.  Материалдардың көлемі 5 беттен аспауы тиіс.

 

Назар аударыңыз! Конференция тақырыбына сәйкес келмейтін, сондай-ақ редакциялаудан өтпеген материалдар жинаққа қосылмайды.

 

ҮЛГІ

МАҚАЛАНЫҢ АТАУЫ

Маратов Б.С., Қазақстан, Алматы,

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

Аннотация (50-70 сөз)

Кіріспе

Негізгі бөлім [1, 1 б.].

Қорытынды

Әдебиеттер

 

ӘДЕБИЕТТЕР (үлгі):

1. Автор. Атауы. Басылым орны. Шығарылған жылы, беті.

Автор туралы мәлімет: Аты-жөні (толық); қала; жұмыс орны және лауазымы; ғылыми дәрежесі, атағы; байланыс үшін байланысу ақпараты (телефон, E-mail)