«Арал теңіз дағдарысы және ғаламдық су мәселесі»

18 қазан, 2023

2023 жылдың 18 қазанында шетел тілдері кафедрасының оқытушылары Ә.К. Шаяхмет, М.Т. Джамалдинова, Г.Б. Алмабаева, Ә.Ж. Өтетілеуова университеттің Біріккен Ұлттар Ұйымымен ынтымақтастық және тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізу жобасын жүзеге асыру аясында «Арал теңіз дағдарысы және ғаламдық су мәселесі» дөңгелек үстел өткізді. Ағылшын тілінде өткізілген іс-шараға шақырылған спикер ретінде Мэрилэнд университетінің профессоры философия докторы Сара Камерон сөз сөйледі.  

 

Дөңгелек үстелдің белсенді қатысушылары шығыстану факультеті мен философия және саясаттану факультетінің бакалавриаты мен магистратура студенттері болды. ҚазҰУ студенттері мен оқытушыларын қошеметтеп, қызықты фактілерге сүйене отырып, профессор Камерон Арал теңізіне қатысты өзінің зерттеуі туралы айтып берді. ҚазҰУ студенттері де өз презентацияларын көрсетті. Онымен қалдырмай, университет студенттері өздері дайындаған квиз сұрақтарына ойын түрде жауап берді.

 

Сонымен қатар, дөңгелек үстелге қатысушылар өздерінің пікірлерін айтып қалуды жөн көріп, барлығы бір ортақ пікірді қолдады, яғни – жаһандық экологиялық проблемалардан ешкім де қалыс қала алмайды, су көздерін қорғау жөнінде халықты ағарту ісіне әркім атсалысып, планетамыздың сақтауына өз үлесімізді қосу керек деген жолдау білдірді.