Ауған соғысы: тарихы мен сабақтары (1979-1989 жж.).

20 қазан, 2023

ТДМ. 16 Бейбітшілік, сот төрелігі және тиімді институттар

Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасының қолдауымен Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының мәжіліс залында «Ауған соғысы: тарихы мен сабақтары (1979-1989 жж.)» атты конференция өтті. Оған тарихшы ғалымдар, соғыс ардагерлері, ҮЕҰ, БАҚ өкілдері және студенттер мен жастар қатысты.

Осы конференцияда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ның тарих, факультетінің «Қазақстан тарихы» кафедрасының профессоры, тарих ғылымдарының докторы,  Ауған соғысының ардагері Сайлан Болат Санабайұлы модератор болды және «Ауған соғысының ақиқаты (1979-1989 жж.)» атты тақырыпта баяндама жасады.

Конференция жас ұрпақты Отансүйгіштік пен патриотизмге тәрбиелеу мақсатында өтіп, жақсы бағаланды.