- Басты бет
- Мұражай
- 1991 жылдың 23 қазанында университетімізге ұлы ойшыл, философ, әлемнің екінші ұстазы атанған ғалым Әбу Насыр Әл-Фарабидің есімі берілген күн
1991 жылдың 23 қазанында университетімізге ұлы ойшыл, философ, әлемнің екінші ұстазы атанған ғалым Әбу Насыр Әл-Фарабидің есімі берілген күн
Делегация құрамында белді фарабитанушылар - Шахид Бахшти университетінің профессоры, Иран философиясы қауымдастығының президенті Гуламреза Авани, доцент, мәдени, әлеуметтік және өркениеттік зерттеулер институтының жетекшісі Реза Голами, Мәдениет және исламдық коммуникациялар ұйымының ғылыми және академиялық ынтымақтастық жөніндегі бас директоры Халадж Монфаред, Табриз университетінің оқытушысы, салыстырмалы философия және математикалық логика бойынша маман Масуд Омид және т.б. ғалымдар бар.
Фараби мұраларын зерттеушілер музейдегі әл-Фарабиге мен «Алтын адамға» арналған кешендерге қатты қызығушылығын білдіріп, Иран, Түркия мемлекеттеріндегі ғұламаның философиялық трататтарының сақталғанын жеткізді.
Құрметті қонақтар музей экспозицияларының өте жақсы талғаммен жасалғанына, ұлттық құндылықтарды сақтап, үлестіріп отырған музей қызметкерлеріне ризашылығын білдірді