ТДМ 17.Халықаралық ғылыми - практикалық конференция «ЯҚТШ режимін нығайту жəне жаһандық қауіпсіздік: сын-тегеуріндер мен мүмкіндіктер»

20 қазан, 2023

20 қазан күні AlmaU университетінде «ЯҚТШ режимін нығайту жəне жаһандық қауіпсіздік: сын-тегеуріндер мен мүмкіндіктер» атты халықаралық ғылыми - практикалық конференция өтті.

Конференцияның мақсаты халықаралық аренада бейбітшілікке, қауіпсіздікке, тұрақтылыққа жəне тұрақты дамуға қол жеткізу үшін Ядролық қаруды таратпау туралы шарттың (ЯҚТШ) режимін нығайтуға үлес қосу болып табылды. Конференция барысында ЯҚТШ режиміне заманауи сын-қатерлер жəне жаһандық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, ядролық қару, энергетикалық қауіпсіздік туралы  түрлі баяндамалар оқылды және сұрақ-жауаптар болды.  Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің физика-техникалық факультеті, теориялық және ядролық физика кафедрасының меңгерушісі Абишев М.Е. «Ядролық технологиялар және жасанды интеллект» тақырыбында баяндама жасады. Аталған кафедра оқытушылары мен докторанттары да қатысып, ғылыми –практикалық конференциядан тың мағлұматтар алып қайтты.