Қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедраның халықаралық ғылыми байланыстары

16 қазан, 2023

Қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасының аға оқытушысы, филология ғылымдарының кандидаты Еркінгүл Солтанаева 2023 жылдың 16-21 қазан күндері AP19679312 «Алаш қайраткерлерінің аударма еңбектеріндегі жалпыадамзаттық құндылықтар» жобасы бойынша Қырғызстан Республикасында іссапарда болды. Ол ҚР Орталық мемлекеттік мұрағатында, Орталық мемлекеттік Қоғамдық-саяси құжаттар мұрағаттарында зерттеу жұмыстарын жүргізді. 19-20 қазан күндері Бішкектегі қырғыз-түрік Манас университетінде өткен «Аударма және оның болашағы» атты ІҮ Халықаралық симпозиумға қатысып, «Алаш қайраткерлерінің мысал жанрын аударудағы ұстанымдары» атты баяндама жасады. https://www.manas.edu.kg/ru/index.php  

Сондай-ақ Е. Солтанаева өзі бірге еңбек еткен «Тәуелсіздік кезеңіндегі қырғыз, қазақ, өзбек, әзірбайжан және түркімен әдебиеттерінің тарихы» атты Халықаралық жоба аясында осы елдердің ғалымдарымен бірлесе жасаған жұмыстарын пысықтап, қазіргі түркі тектес халықтар әдебиеттерінің байланысы, әдебиет пен аудармадағы тенденциялар т.б. өзекті мәселелер туралы ғалымдарымен ой бөлісіп, келешекте де әдебиеттану саласында өзара ынтымақтастықты нығайтудың жоспарларын жасап қайтты.