ТДМ-3: «Анаға құрмет» мұражайы
Республика күні қарсаңында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің,
филология факультеті ұстаздары мен студенттері Алматы облысы, Қарасай ауданына қарасты Райымбек ауылындағы «Анаға құрмет» мұражайымен танысты. «Анаға құрмет» музейінде
өткен ғасырларда өмір сүрген аналарымыздыңтұрмыс-тіршілігінен сыр шертетін 300-ден аса құнды жәдігерлер, түрлі қолөнер бұйымдарысақталған. Күллі қазақ аналарының құрметіне арналған қарашаңырақ ретінде салынған бұлмұражайда қазақтың біртуар азаматтарының аяулы аналарының, халқымыздың батыр қыздарыныңқолданған заттары экспонат ретінде қойылған.
Студенттер көне дәуірлерден басталған бабалартарихын баян етер маңызды дүниелер мен
құндыдеректерді өз көздерімен көріп, сол дәуірге саяхатжасап, ерекше әсер алып қайтты.
Музеймен мақсатқа жету жолындағы серіктестік мәселесі де кеңінен талқыланды.