Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Журналистика факультетінде Республика күніне орай «Елім менің еңселі» атты кездесу өтті. Болашақ журналистермен жүздесуге Ғабит Мүсірепов атынағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының әртістері Қуаныш Турдалин мен Нұргүл Мыңғатова келді. Жиналған қауым сөз басында Қуаныш Турдалинді «Санжар мен Қайсар» телехикаясынан танитын айтты. Демек, 2012-2014 жылдары көрермен болған бүлдіршіндер бүгінде ер жеткен студенттер. Ал Нұргүл Мыңғатованы көрермендері 5 сезоннан тұратын «Келінжан» телехикаясындағы «Балқия» ретінде танитыны айқын.
Кездесу барысында студенттер тарапынан қызықты сұрақтар қойылып, театр әртістерінің өмір жолынан сыр шертіліп, театр өнеріне деген қызығушылықтары артты. Бұндай шаралар студенттердің рухани-мәдени толысуына септігін тигізеді.