Республика күніне арналған мерекелік шара
24 қазан күні «Әл-Фараби» кітапханасында егеменді еліміздің ең ардақты да мерейлі мерекесі Республика күніне арналған салтанатты жиын өтті.
Мерекелік кешке Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Басқарма Төрағасы – Ректоры Жансейіт Түймебаев, зиялы қауым өкілдері, оқу ордасының оқытушы-ғалымдары мен студенттер қатысты. Салтанатты жиын ҚР Әнұраны Бейіндік мектеп оқушылары мен АРТ-орталықтың вокалистерінің жанды дауыста орындауымен ашылды.
ҚазҰУ ректоры Жансейіт Түймебаев университет ұжымын айтулы мерекемен құттықтап, оқытушыларға ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің Алғыс хатын, Ректор Жансейіт Түймебаевтың Құрмет громатасын және Алғыс хаттарын табыстады. Сонымен қатар университеттің бірқатар ұстаздары мен қызметкерлерін «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды.
Мерекелік іс-шара АРТ-орталығының кәсіби мамандары мен белсенді студенттері дайындаған концерттік бағдарламамен жалғасты.