Марапат иелерін шын жүректен құттықтаймыз!!!

24 қазан, 2023

25 қазан Республика күніне орай әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің Басқарма төрағасы-ректоры ф.ғ.д., профессор Ж.Қ.Түймебаев университеттің дамуына үлес қосып жатқан бірқатар профессор оқытушылар құрамын марапаттады. ҚазҰУдамуына зор үлес қосқан биология және биотехнология факультетінің деканы б.ғ.д., профессор Құрманбаева Меруерт Сәкенқызы және Биофизика, биомедицина және нейроғылым кафедрасының меңгерушісі, б.ғ.к., профессор Құстыбаева Альмира Мэлсқызы «Құрмет грамоталарымен» марапатталды. Университеттің дамуына қосқан үлесі үшін әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Ерен еңбегі үшін» медалімен б.ғ.к., биофизика, биомедицина және нейроғылым кафедрасының қауымдастырылған профессоры Аблайханова Нуржанат Татухановна және деканның ғылыми инновациялық жұмыс және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі орынбасары б.ғ.к., қауымдастырылған профессор Садвакасова Асемгуль Калыйкумаровна марапатталды. Сонымен қатар, Басқарма төрағасы-ректордың алғыс хатымен молекулалық биология және генетика кафедра меңгерушісінің оқу-әдістемелік және тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары, PhD Ловинская Анна Владимировна, биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедра меңгерушісінің оқу-әдістемелік және тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Манкибаева Сандуғаш Аманжолқызы  марапатталды. Марапат иелерін шын жүректен құттықтаймыз!!!

Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасы 

www.kaznu.kz