Полиция қызметкерлері студенттер арасында нашақорлықтың алдын алу мен құқықтық сауаттылық туралы іс-шара өткізді

13 қазан, 2023

13.10.2023 күні Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасы Алматы қаласы полиция департаменті Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасымен бірлесіп Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттері арасында құқықтық сауаттылықты арттыру, лудомания мен нашақорлыққа қарсы бағытталған іс-шара өткізді.

 

Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес бөлімінің маманы Бейсенов Б.И студенттерге құқықтық сауаттылық туралы айтып, маңызды деректермен бөлісті.

Нашақорлық қылмысқа қарсы күрес департаментінің қызметкері Көбеев Д жасатр арасындағы нашақорлықтың алдын алу мәселесін көтерді. Келген студенттер тақырыптың маңыздылығын түсініп, қойған сұрақтарына жауап алды.