ТДМ-4 Сапалы білім – сапалы келешек
27 қазан 2023 жылы кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы 2-курс магистранттарымен ТДМ-4 аясында «Сапалы білім – сапалы келешек» атты ғылыми вебинар өткізді.
Ғылыми вебинардың мақсаты: Әділ және сапалы білім беруді қамтамасыз ету.
ТДМ-4 сәйкес «Білім алу адамдардың әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуға негіз қалайды және кедейліктен шығудың жолын қамтамасыз етуде шешуші рөл атқарады. Соңғы онжылдықта білімге қолжетімділікті кеңейту және барлық деңгейлерде, атап айтқанда қыздарға арналған мектепте оқумен қамтуды арттыру саласында айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізілді. Осыған қарамастан, 2018 жылы 260 миллионға жуық бала әлі де мектепке бармады, бұл осы жас тобындағы бүкіл әлем халқының бестен бір бөлігін құрайды. Сонымен қатар, әлемдегі барлық балалар мен жасөспірімдердің жартысынан көбі оқу және математика бойынша минималды білім стандарттарына сәйкес келмейді».
Терең білім мен ғылым кенін қазған ғалымдардың еңбегі – дамудың даңғыл жолы. Білім-ғылым мемлекеттің дамуына әлеуметтік деңгейде ықпал ететін құндылықтар. Өркениетті елдердің қатарынан көріну үшін дамыған экономикамызбен қатар біліміміз бен мәдениетіміз де алдыңғы шептен көрінуі тиіс. Осы орайда Президент Үкіметке ұлағатты ұрпақ тәрбиелеу жолында, мәдениет пен өнер айдынында аянбай еңбек етіп жүрген ұстаздар мен мәдениет қызметкерлерінің айлығын көтеруді тапсырды Ұстаз еңбегінің бағалануы – абыройының артқанын, қоғам алдында мәртебесінің жоғарылағанын дәлелдейді. Ал білім мен ғылымды жоғары құндылық ретінде танып, ұстаздар мәртебесін жоғары қоятын елдің рухани тұрғыдан байитыны хақ.
Модераторлар болып з.ғ.д., профессор Д.Л.Байдельдинов, з.ғ.д., профессор Г.А. Куаналиева ғылыми вебинарды өткізді.
Заң факультетінің 2-курс магистранттары: Оңғаров Саян, Абишева Меруерт, Кенжетаева Арайлым және PENN STANE LAW (USA) магистранты Бегалиева Жанель спикерлер ретінде қатысты.